Тағы бір наразылық - басқару стиліне байланысты. Молинаның мәліметінше, Инфантино негізгі шешімдерді жалғыз өзі қабылдайды және іс жүзінде ешкімге есеп бермейді, соның салдарынан ол функционерлердің көпшілігінің қолдауынан айырылғандай.
Бұған дейін ФИФА 20 миллиард долларға бағаланған еншілес компания құру жобасының тұжырымдамасын таныстырған еді. Ұйымның жоспары — бұл құрылымның 25 пайызын жеке инвесторларға 4,2 миллиард долларға сату.
Сонымен қатар жобада ұлттық федерацияларға төленетін төлемдерді арттыру қарастырылған: таяудағы төрт жылдық циклде 8 миллион доллардан 20 миллионға дейін. Келесі екі циклде бұл сомалар сәйкесінше 22 миллион және 24 миллион долларға дейін өсуі тиіс. ФИФА-да бұл бастаманы іске қосуды федерациялардың көпшілігі, сондай-ақ ФИФА Кеңесі мақұлдауы керек екені баса айтылды.
