Q Football

Топ-трансфер: Бастони «Барселонаға» ауысуға дайын

Топ-трансфер: Бастони «Барселонаға» ауысуға дайын

«Интер» қорғаушысы мансабын Испания Ла Лигасында жалғауы мүмкін

Mundo Deportivo хабарлауынша, Бастони «Барселонадан» өткен жазда трансфердің болмай қалғанына қарамастан, әлі де ұсыныс күтеді. Бірақ келіссөз бастамас бұрын жеке өзі бас бапкер Ханс-Дитер Фликпен сөйлесіп алғысы келеді.

Бұған дейін Каталония клубының спорт директоры Деку Алессандромен 2031 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшарт бойынша бәтуаға келген еді. Алайда соңғы сәтте Флик трансферді болдырмай, Жерар Мартинге сенім артатынын алға тартты. Хансидің бұл шешімі Бастониге ұнамай қалған.

«Интер» Бастониді 2017 жылы «Аталантадан» 40,7 миллион еуроға сатып алған. 27 жастағы италиялық ойыншы осы маусымда 12 матчқа қатысып, бір гол соқты. Оның «нерадзурримен» келісімшарты 2028 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.