Q Football

Хадж Муссаның «Әл-Иттихадқа» 42,5 миллион еуроға ауысуы іске аспай қалды

Хадж Муссаның «Әл-Иттихадқа» 42,5 миллион еуроға ауысуы іске аспай қалды
Getty Images

Алжирлік вингер «Фейеноордта» кем дегенде қысқы трансферлік терезеге дейін қалады.

Журналист Бен Джейкобстың жазуынша, мәміленің тоқтауына банк кепілдігіне байланысты дау себеп болған. Роттердамдық клуб футболшыны жібермес бұрын тиісті құжатты талап еткен, ал «Әл-Иттихад» бұл шартты қабылдамаған.

Осыған байланысты Хадж Мусса «Фейеноордта» кем дегенде қаңтарға дейін қалады.

24 жастағы алжирлік вингер Роттердам клубының намысын 2024 жылдан бері қорғап жүр. Өткен маусымда ол Эредивизиде 30 ойынға қатысып, 11 гол соғып, алты нәтижелі пас берді.