Q Football

Барт Вербрюггенге «Реал» көз тікті

Барт Вербрюггенге «Реал» көз тікті

Мадридтің клубы «Брайтон» қақпашысын қатарына қосуды көздейді

Журналист Бен Фернандес Сантостың хабарлауынша, «бланкос» 24 жастағы Нидерланд құрамасының голкиперіне қызығушылық танытып отыр. «Реал» оны болашақта Тибо Куртуаның орнын басатын голкипер ретінде көреді.

«Брайтон» Вербрюггенді 2023 жылы «Андерлехттен» 20 миллион еуроға сатып алған еді. Ол осы маусымда 13 матчта жеті гол өткізіп, он ойында қақпасына доп жібермеді. Барттың «шағалалармен» келісімшарты 2028 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.