Q Football

Испанияда қазақстандық қорғаушының ауысуын оң бағалады

Испанияда қазақстандық қорғаушының ауысуын оң бағалады

Абыройлы скаут «Кастельонды» Қазақстаннан келген жас футболшының шеберлігін арттыруы үшін мінсіз орын деп атады.

Бірқатар танымал еуропалық ойыншылардың мүддесін қорғайтын испаниялық агент Алехандро Парра 17 жастағы Шыңғыс Қалиевтің болашағы туралы пікір білдірді. Сарапшының айтуынша, жаңадан келген ойыншы тиімді скаутинг жүйесімен және әлемнің түкпір-түкпірінен келген жас таланттармен сауатты жұмыс істеуімен танымал жүйеге тап болды.

Орталық қорғаушы «Кастельон» қатарын шілде айында толықтырды. Испанияға қоныс аударғанға дейін Қалиев футбол әліппесін «Иртыш» футбол орталығында және «Қайрат» жүйесінде меңгеріп, кейін «Сан-Хосе» мен «Леванте» академияларында еуропалық тәжірибе жинақтап үлгерді.

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының ойыншысы алдағы маусымды U-19 командасы сапында бастайды деп күтілуде. Біріншіліктің өткен маусымында бұл ұжым үздік бестіктен он ұпайға қалып қойып, тоғызыншы орынды місе тұтқан еді.

Алехандро Парра мадридтік «Реалдың» бұрынғы жартылай қорғаушысы Серхио Каналестің, сондай-ақ «Саутгемптон» қорғаушысы Хуан Лариостың карьерасын жүргізетін агенттікте жұмыс істейді.