Q Football

«Ливерпуль» ПСЖ-ден Салахтың орнын басатын ойыншы үшін 100 миллионнан астам төлеуге дайын

«Ливерпуль» ПСЖ-ден Салахтың орнын басатын ойыншы үшін 100 миллионнан астам төлеуге дайын
©️Vesti.kz

Англияның «Ливерпуль» клубы «Пари Сен-Жерменнің» және Франция құрамасының вингері Брэдли Барколяны өз қатарына қосуды жоспарлап отыр, 100 млн еуродан астам қаржы жұмсауға дайын

Инсайдер Николо Скираның ақпараты бойынша, мерсисайдтықтар париждік клубқа ресми ұсыныс әзірлеп қойған. «Қызылдар» 23 жастағы футболшыны алу үшін 100 миллион еуродан да жоғары сома төлеуге дайын екені айтылады.

Барколя «Ливерпульден» өткен маусым аяқталғаннан кейін кеткен мысырлық шабуылшы Мохамед Салахтың орнына негізгі үміткер ретінде қарастырылып отыр.

Алайда келіссөздің күрделі болатыны да атап өтіледі. Брэдли Барколяның ПСЖ-мен келісімшарты 2028 жылдың жазына дейін жарамды, әрі Париж клубы шабуылдағы жетекші ойыншыларының бірімен қоштасуға құлықты емес.

Брэдли Барколя ПСЖ сапында 2023 жылдың жазынан бері өнер көрсетеді. Ол «Лионнан» 45 миллион еуроға ауысқан.

2025/26 маусымында француз вингері барлық турнирде 49 матч өткізіп, 13 гол соғып, 7 нәтижелі пас берді. Сондай-ақ ол ПСЖ-ға Чемпиондар лигасын қатарынан екінші рет жеңіп алуға көмектесті.

Барколя 2026 жылғы әлем чемпионатында Франция құрамасы сапында ойнады. Ұлттық команда жартылай финалға дейін жетіп, онда кейін чемпион атанған Испаниядан 0:2 есебімен жеңілді.

«Transfermarkt» мәліметінше, футболшының нарықтық құны 90 миллион еуро.