Коне жаңа бас бапкердің техникасы өзіне ерекше әсер қалдырғанын мойындады. Жартылай қорғаушының айтуынша, Зидан әлі де доппен керемет жұмыс істейді әрі футболшыларға барынша жақын болып, оларға еркіндік пен сенім беруге тырысады.
Ойыншы «Ромаға» ауысқаннан кейін тактикалық тұрғыдан жетіле түскенін де атап өтті. Италияда ол күшін тиімді бөлуді үйреніп, алаңда жинақы әрекет ете бастаған.
Коне жазда «Челсидің» өзіне шынымен қызығушылық танытқанын растады. Алайда қазір ол бар назарын римдік клубтағы ойынына аударып отырғанын айтты.
Алдағы Италиямен кездесуді футболшы ерекше матч деп атады. Ол «Стад де Франста» керемет атмосфера күтетінін және Зиданның ұлттық құрама тізгініндегі алғашқы үй матчында Францияға жеңіске жетуге көмектескісі келетінін жеткізді.
