Кузнецов футболшыны жас кезінен таниды және оның юношеские құрамалардан бастап жастар құрамасы мен клуб деңгейіндегі нәтижелі ойыншыға дейінгі өсу жолын атап өтті. 2025 жылы маманның бастамасымен қарағандылық «Шахтер» шабуылшыны өз қатарына қосты.
Маманның пікірінше, Литоштың әрі қарай дамуы үшін кәсіби тәртіпті сақтап, өзімен тұрақты жұмыс істеуі маңызды.
«Мен Артёмге шын жүректен сенемін. Мансабына дұрыс көзқараспен қараса, болашақта Қазақстан ұлттық құрамасының жетекші шабуылшыларының біріне айнала алады деп есептеймін», — деді Кузнецов.
