Q Football

«Сассуоло» Аквиланиді қызметінен босатуға дайындалып жатыр

«Сассуоло» Аквиланиді қызметінен босатуға дайындалып жатыр

Клуб басшылығы қарашадағы халықаралық үзіліс кезінде бапкермен ынтымақтастықты тоқтатуға шешім қабылдады. Команда А сериясындағы бес матчта қатарынан жеңіліп, төменгі лигаға түсіп қалу аймағына жақындады.

Бұл ақпаратты италиялық инсайдер Николо Скира таратты.

Клуб жетекшілері бапкермен қоштасу шешімін ұлттық құрамалардың ойындарына байланысты қарашадағы үзіліс кезінде ресми түрде іске асырмақ. Қазірдің өзінде «Сассуоло» жаңа бас бапкер нұсқаларын қарастыра бастаған.

Басшылықтың шыдамына соңғы түрткі болған ойын - А сериясының 11-туры аясында «Ромадан» 0:3 есебімен жеңілген матч. Осы нәтиже «Сассуоло» үшін чемпионаттағы қатарынан бесінші жеңіліс болып тіркелді.

11 турдан кейін команда 8 ұпай жинап, турнир кестесінде 17-орында тұр. Қауіпті аймақтан «Сассуолоны» бар болғаны бір ұпай ғана бөліп тұр.