Q Football

Испания құрамасы бірден екі әлем чемпионынан айырылып қалуы мүмкін

Испания құрамасы бірден екі әлем чемпионынан айырылып қалуы мүмкін
©️El Nacional

Келісімшартын ұзартқан испандықтардың бапкері Луис де ла Фуэнте 2026 жылғы Әлем чемпионатын жеңіп алған негізгі ойыншыларды сақтап қалуға кірісті. Қазіргі ең өзекті мәселе - қорғаныстың сол жақ қанаты, мұнда бірден екі қорғаушы: Алехандро Гримальдо мен Марк Кукурельяның болашағы беймәлім болып тұр.

«El Nacional» жазуынша, Гримальдо мундиальда аз ойнағанына көңілі толмайды. Клуб деңгейінде маусымды жоғары деңгейде өткізгеніне қарамастан, әлем чемпионатында ол көбіне қосалқы құрамда қалып қойды. Қорғаушы өзін ұлттық команданың маңызды бөлшегі ретінде сезінгісі келеді және терең қосалқы рөлінде қалуды қаламайды. Осыған байланысты де ла Фуэнте ойыншымен жеке сөйлесіп, алдағы жоспардағы рөлін түсіндіріп, оны құрамада қалуға көндірмек.

Ал мундиальда негізгі сол жақ қорғаушы болған Кукурелья чемпиондықты атап өту кезінде-ақ ұлттық құрамадағы мансабын аяқтауы мүмкін екенін меңзеген. Енді бапкер бұл сөз эмоцияның әсерімен айтылды ма, әлде нақты шешім бе - соны анықтап, ойыншыға жаңа спорттық мақсаттар ұсынуды көздейді.

Де ла Фуэнте екі қорғаушымен де телефон арқылы сөйлесуді жоспарлап отыр. Испанияның Корольдік футбол федерациясы (РФЕФ) бұл кадрлық мәселені басым бағыт ретінде қарастырады. Өйткені екі жетекші ойыншы бірдей кетіп қалса, әлем чемпионатындағы триумфтан кейін-ақ онсыз да тапшы позицияны қайта құруға тура келеді.

Еске салайық, Испания 2026 жылғы әлем чемпионатының финалында Аргентинаны 1:0 есебімен ұтты. «Қызыл фурия» үшін бұл - тарихтағы екінші әлем чемпиондығы: алғашқысы 2010 жылы Оңтүстік Африка Республикасында келген.