Q Football

«Наполи» жазда Икардиді сатып алу мүмкіндігінен бас тартты

«Наполи» жазда Икардиді сатып алу мүмкіндігінен бас тартты

Журналист Николо Скираның мәліметінше, тамыз айында трансферлік терезенің соңғы күндері Мауро Икарди «Наполиге» ұсынылған.

Алайда клуб басшылығы мен бапкерлер штабы бұл нұсқадан тез арада бас тартқан. Неапольдіктер аргентиналық шабуылшы команданың ұзақ мерзімді спорттық стратегиясына сәйкес келмейді деп есептеген.

Икарди Италия чемпионатын жақсы біледі. Ол мансабының елеулі бөлігін «Интер» сапында өткізген.

Серия А-дан кеткеннен кейін форвард Түркиядағы мансабын жалғастырды. 2022–2026 жылдар аралығында «Галатасарай» сапында 129 матч өткізіп, 73 гол соқты және 23 нәтижелі пас берді.

Ыстамбұлдық клубпен бірге Икарди төрт рет Түркия чемпионы атанып, ел кубогы мен Суперкубогын да жеңіп алды.