Transfermarkt порталы Италия Серия А-сы ойыншыларының нарықтық құны бойынша жаңа мәліметтерді ұсынды. Кальчоның ең қымбат футболшыларының рейтингінде «Интер» шабуылшысы Лаутаро Мартинес тағы да көш бастады, оның трансферлік құны 85 миллион еуроға бағаланып отыр. Екінші орынды 80 миллион еуролық көрсеткішпен «Комо» жартылай қорғаушысы Нико Пас сақтап қалса, үздік үштікті 75 миллион еуроға бағаланған «Ювентус» форварды Кенан Йылдыз түйіндеді.
Тізімнің жоғарғы бөлігіне сондай-ақ Алессандро Бастони, Расмус Хойлунд, Ману Коне, Мартин Батурина, Дониэлл Мален, Франческо Эспозито және Ник Вольтемаде енді. Қаржылық тұрғыдан ең елеулі өсімді өз құндарына бірден 10 миллион еуро қосқан Коне, Батурина және Мален көрсетті. Жалпы алғанда, элиталық ондыққа «Интердің» үш өкілі, «Комо», «Ювентус» және «Ромадан» екі футболшыдан, сондай-ақ «Наполиден» бір ойыншы кірді.
Transfermarkt Италияның ең қымбат футболшысын атады

Миландық «Интер» үздік ондыққа енген ойыншылар саны бойынша көшбасшылығын сақтап қалды