Q Football

Түркияда Дастан Сәтпаевтың трансферін атап өтті

Түркияда Дастан Сәтпаевтың трансферін атап өтті

« Fotomaç» материалында «Челсидің» Хаби Алонсо келгеннен кейін жасаған трансферлері жеке-жеке аталды. Тізімге Морган Роджерс, Максанс Лакруа, Марко Палестра, Жеовани Кенда, Деннер және Дастан Сәтпаев енгізілген.

Түрік басылымы 17 жастағы қазақстандық шабуылшының ауысуы лондондық клубқа 2,4 миллион еуроға түскенін де бөле-жара жазды.

Сондай-ақ 2026 жылдың 24 шілдесінде «Челси» Австралия мен Азияға жоспарланған маусым алдындағы турне үшін құрамын жариялағаны айтылды. Сол тізімде Сәтпаев та бар. Қазақстандық форвард жаңа маусымға дайындық кезінде Хаби Алонсо жаттықтыратын командада өз мүмкіндігін көрсетуге мүмкіндік алды.