Франциялық клуб 23 жастағы испаниялық футболшыны € 15 млн еуроға міндетті түрде кейіннен сатып алу құқығымен жалға алу бойынша ұсыныс әзірлеп жатыр. Мұнымен қоса, мадридтіктер футболшыны болашақта басқа клубқа сатқан жағдайда түсетін соманың 25%-ын алу туралы пунктті келісімшартқа енгізуді талап етті.
Әу баста «корольдік клубтың» түлегі «Сантьяго Бернабеуда» қалуды жоспарлаған еді, бірақ «мадридтіктердің» басшылығы мен бапкерлік штабтың ұстанған позициясы оны клубын ауыстыруға итермелеп отыр.
Бұған дейін испаниялық орталық қорғаушы үшін күреске лиссабондық «Бенфика» да қатысқан болатын, бірақ португалиялықтар келісімшартқа Асенсионы мадридтіктердің қайта сатып алу опциясын жазудан бас тартқан соң келіссөздерден шығып кетті.
