«Марка» дерегіне сүйенсек, «Барселона» 2027 жылдың жазғы трансфер терезесінде құрамын Эрлинг Холандпен күшейтуді көздеп отыр. Каталониялық клуб «Манчестер Сити» сапында жүрген 26 жастағы норвегиялық шабуылшы келесі жылы АПЛ клубынан кету туралы ойлануы мүмкін деп санайды.
Дереккөздің хабарлауынша, клуб президенті Жоан Лапорта Холандтың айналасындағы адамдармен байланыс орнатқан және ойыншының агенттерімен кездесуді жоспарлап отыр.
Сонымен бірге, Эрлинг Холандтың жалақысы өте жоғары болғандықтан, «Барселона» жалақы қорынан орын босатуы қажет болады.
