Оның мәліметінше, мерсисайдтықтар футболшыны қысқы трансфер терезесінде сатып алу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Алғашқы кезеңде мәміле жалға алу түрінде рәсімделуі мүмкін.
Ойыншының жоғары жалақысы мен «ақ қанаттылардың» жартылай қорғаушысы Джуд Беллингеммен достығы бұл трансферге кедергі келтіруі ықтимал. Сондай-ақ Дельгадо Трент кетіп қалған жағдайда «Реалдың» бас бапкері Жозе Моуринью басшылықтан «Тоттенхэм» қорғаушысы Педро Поррону сатып алуды сұрауы мүмкін екенін айтты.
Александер-Арнолд – «Ливерпульдің» түлегі. Ол 2025 жылы Мадридке ауысқанға дейін клуб жүйесінде 20 жылдан астам уақыт өткізді. Ла Лиганың биылғы маусымында 28 жастағы ағылшын футболшысы алты матчқа шығып, бір нәтижелі пас берді.
