Q Football

Адрьен Рабьо «Миланмен» келісімшартты ұзартуға жақын

Адрьен Рабьо «Миланмен» келісімшартты ұзартуға жақын

Франция құрамасының жартылай қорғаушысы Миланның клубында әлі біраз ойнайды

Николо Скираның хабарлауынша, қос тарап келісімшартты 2030 жылдың жазына дейін ұзартуға жақын. Сондай-ақ оны тағы бір маусымға созу мүмкіндігі болады екен. Ал жылына алатын жалақысы бонустарды қоса есептегенде алты миллион еуроны құрамақ. Команданың қожайыны Джерри Кардинале Рабьоны жоғары бағалайды.

31 жастағы хавбек «россонерри» намысын 2025 жылдан бері қорғап келеді. Ол осы маусымда 11 матчта бес гол соғып, төрт нәтижелі пас берді. Рабьоның қазіргі келісімшарты 2028 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.