Q Football

Манчестер Юнайтед Тоунейді қаңтардағы трансферлік мақсаттар тізіміне енгізді

Манчестер Юнайтед Тоунейді қаңтардағы трансферлік мақсаттар тізіміне енгізді
Getty Images

«Football Insider» хабарлауынша, манчестерліктер 30 жастағы шабуылшының төңірегіндегі ахуалды бақылап отыр және оның Премьер-лигаға қайта оралу нұсқасын қарастыруда

Манкүниандықтар үшін негізгі себеп - шабуыл шебін күшейту қажеттілігі. Қазір Беньямин Шешко жарақатына байланысты командаға көмектесе алмай жүр, сол себепті клуб басшылығы орталық шабуылшы позициясына бірнеше нұсқаны қарастырып жатыр. Тоуні Англия чемпионатындағы тәжірибесі мен тұрақты нәтижелілігінің арқасында «Манчестер Юнайтедтің» талаптарына сай үміткер ретінде аталып отыр.

Айвен Тоуні Сауд Арабиясының Про-лигасында биыл жақсы қарқын алды: тоғыз матчта 12 гол соқты. Ал өткен маусымда ол «Әл-Ахлидің» негізгі сұрмергендерінің бірі болып, барлық турнирде 41 голмен көзге түскен.

Таяу Шығысқа ауысқанға дейін Тоуні «Брентфорд» сапында Премьер-лигада өзін ең нәтижелі шабуылшылардың бірі ретінде танытты. 2022/23 маусымында ол чемпионатта 20 гол соғып, бұл көрсеткіште тек Эрлинг Холанд пен Гарри Кейннен кейін тұрды.

Соған қарамастан, келіссөздер оңай болмауы мүмкін. Бұған дейін Тоуні Сауд Арабиясындағы өмірі туралы бірнеше рет жылы пікір айтып, Англияға оралуға аса құлшыныс танытпаған. Дегенмен «Манчестер Юнайтед» спорттық тұрғыдан сенімді жоба ұсына алса, оның Премьер-лигаға қайта келуі ықтимал.