«Манчестер Сити» басшылығы 26 жастағы шабуылшы Эрлинг Холандтың маусым аяқталған соң командадан кететінін негізге алып отыр, деп хабарлайды El Nacional. Бұған дейін форвард бас бапкер Хосеп Гвардиола мен бірқатар негізгі футболшылардың кеткеніне қарамастан, клубта тағы бір жыл қалуға келіскен болатын. Норвегиялық ойыншының трансферінен ағылшын клубы шамамен 175 млн еуро пайда табуды көздеп отыр.
«Қалалықтарға» қарсы қолданылуы мүмкін, еурокубоктерден шеттету мен Премьер-лигадан ұшып кету қаупін төндіретін санкциялар аясында Холандқа «Реал», «Барселона», «ПСЖ» және «Ливерпуль» қызығушылық танытуда. «Манчестер Сити» шабуыл көшбасшысына алмастырушы іздестіруді бастап кетті: үміткерлер қатарында өткен маусымда АПЛ-дың екінші сұрмергені атанған «Брентфорд» шабуылшысы Игор Тьяго, сондай-ақ нарықтық құны шамамен 75 млн еуроға бағаланатын «Галатасарай» форварды Виктор Осимхен бар.
