Q Football

​19 жастағы уэльстік қақпашы «Олд Траффордта» өнер көрсетуге мүмкіндік алды

​19 жастағы уэльстік қақпашы «Олд Траффордта» өнер көрсетуге мүмкіндік алды
Фото: manutd.com

Беларусьқа қарсы матчта жарқыраған уэльстік талант ағылшын футболының алпауыт клубымен мансабындағы ең үлкен келісімшартқа қол қойды.

«Манчестер Юнайтед» футбол клубы 19 жастағы көп үміт күттіретін қақпашы Кит Маргетсонды сатып алғанын ресми түрде мәлімдеді. Келісімшарт толық күшіне енуі үшін ойыншы тиісті тіркеуден өтуі қажет. Жас голкипер бұған дейін 15 жасынан бастап «Суонси Сити» академиясының жүйесінде тәрбиеленген.

​Маргетсон үшін өткен маусым өте табысты болды. Ол ересектер футболындағы алғашқы тәжірибесін Уэльстің «Коннас-Ки Номадс» командасында жалға ойнап жинақтады. Тәжірибесі аз болса да, Кит 34 матчқа қатысып, оның 10-ында өз қақпасына доп дарытпады. Бұл тамаша көрсеткіш уэльстік клубтың Еурокубоктерге жолдама алуына тікелей септігін тигізді. Сонымен қатар, ол халықаралық деңгейде де көзге түсіп үлгерді: биылғы жылдың наурыз айында Уэльстің 21 жасқа дейінгі жастар құрамасы сапында Беларусь командасына қарсы алғашқы ойынын өткізді. «Қызыл сойқандардың» басшылығы мен жанкүйерлері жас талантты жылы қабылдап, оның болашақта үлкен белестерді бағындыруына тілектестік білдірді.