Кейн 2023 жылдың жазында неміс клубына ауысқан, ал келісімнің жалпы құны шамамен 100 миллион еуроға бағаланған. Дегенмен тараптар келісімшартқа футболшының болашақта әлем футболындағы ең беделді жекелей жүлдені ұтып алуы үшін бөлек бонус төлеу туралы тармақ қоспаған. Сондықтан дауыс беру қорытындысы бойынша Кейннің жеңісі «Баварияға» лондондық клуб алдында қосымша қаржылық міндет жүктемейді.
Дереккөз мәліметінше, мұндай тармақтар әдетте жоғары деңгейлі ойыншылардың трансферінде жиі кездеседі: ойыншы белгілі бір жеке көрсеткіштерге жетсе немесе беделді марапат алса, сатушы клуб қосымша төлем алады. Бірақ Кейннің ауысуы кезінде «Тоттенхэм» мұндай шартты енгізуді талап етпеген.
Сонымен қатар Sky Sport дерегінше, «Тоттенхэм» қосымша табыс көзін мүлде қарастырмаған деуге келмейді. Келісімде «Баварияның» командалық нәтижелеріне тікелей байланысты өзге бонустар бар.
Атап айтқанда, мюнхендіктер Бундеслига мен Германия кубогын жеңіп алса, сондай-ақ Чемпиондар лигасында триумфқа жетсе, қосымша төлемдер қарастырылған. Яғни «Тоттенхэм» бұрынғы капитанының жетістіктері арқылы әлі де бонус ала алады, бірақ бұл тізімге Кейннің «Алтын доптағы» жеке жеңісі кірмейді.
Sky Sport басқа мәмілелерде клубтар мұндай тармақтарға көбірек мән беретінін де атап өтеді. Мысалы, Ян Диоманде «РБ Лейпцигтен» «Реалға» ауысқанда, мадридтіктер футболшы кейін «Алтын допты» жеңіп алса, бонус төлеу шартын қабылдаған. Осындай талап 2016 жылы Ренату Санчештің «Бенфикадан» «Баварияға» ауысуына қатысты келісімде де болған, бірақ португалиялық бұл жүлдені жеңе алған жоқ.
