Алаң иелері есепті 11-минутта ашты. Қаңтардан бері алғаш рет негізгі құрамға шыққан Флориан Нойхаус 2024 жылдың мамырынан бергі алғашқы голын соқты.
Алайда «Майнц» тез жауап берді. 18-минутта Филлип Тиц есепті теңестірсе, үзіліс алдында Шералдо Бекер қонақтарды алға шығарды — 2:1.
Екінші таймда «Гладбах» пенальтиден есепті теңестіруге мүмкіндік алды, бірақ Кевин Дикс допты бағанаға тигізді. Арада екі минут өткенде Исак Лидберг клуб сапындағы алғашқы голын соғып, есепті 2:2 етті.
Матчтың соңғы бөлігі алаң иелері үшін тағы да сәтсіз өтті. 78-минутта Эрик Мартель мергендік танытса, 89-минутта Данни да Коста «Майнцтың» төртінші голын соқты. Қосымша уақытта Сюто Матино пенальтиді дәл орындап, есеп айырмасын қысқартты, бірақ «Боруссия» кездесуді құтқарып қала алмады.
Ойген Полански жақында қызметінен кеткеннен кейін команданы уақытша Ян-Мориц Лихте басқарып жүр. Сонымен қатар клуб жаңа бас бапкер іздеуін жалғастыруда.
Спорт директоры Рувен Шрёдер клубта негізгі үміткер бар екенін айтты.
«Бізде айқын фаворит бар», — деді ол матч алдында.
Жаңа бапкер команда тізгінін өте қиын жағдайда қабылдайды: төрт турдан кейін «Боруссия» бірде-бір ұпай жинамай, турнир кестесінің соңғы орнында тұр.
