Q Football

«Ливерпуль» Алексис Макаллистермен келісімшартты ұзартпақ

«Ливерпуль» Алексис Макаллистермен келісімшартты ұзартпақ

Мерсисайдтың клубы аргентиналық жартылай қорғаушыдан айырылып қалғысы келмейді

Tribuna.com хабарлауынша, «қызылдар» Макаллистермен келісімшартты ұзарту бойынша ресми келіссөз бастады. Енді алдағы аптада бұның қалай өрбитінін көреміз.

«Ливерпуль» Макаллистерді 2023 жылы «Брайтоннан» 42 миллион еуроға сатып алған еді. 27 жастағы хавбек осы маусымда 16 матчта бес гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Оның қазіргі келісімшарты 2028 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.