Q Football

«Ливерпуль» Исмаила Саррдың жағдайын бақылап отыр

«Ливерпуль» Исмаила Саррдың жағдайын бақылап отыр

«Кристал Пэлас» ойыншымен жаңа келісімшарт жөнінде келісе алмай жатыр. Сенегалдық қанат ойыншысы да болашағы туралы шешім қабылдауға асықпайды.

Football Insider мәліметінше, тараптар келіссөзде айтарлықтай ілгерілеген жоқ. «Кристал Пэластың» бас бапкері ауысқаннан кейін келіссөз баяулаған.

28 жастағы Сарр әзірге жаңа келісімшартқа қол қоймай, мансабын жалғастырудың өзге жолдарын қарастырып жүр. Ал лондондық клуб оны кемінде қысқы трансфер кезеңі аяқталғанша сақтап қалғысы келеді. Өткен жазда «Кристал Пэлас» ойыншының кетуіне жол бермеген еді.