Маман бірінші таймда алаң қожайындары допқа көбірек иелік етіп, ойын қарқынын бақылауда ұстап, есепті бірінші болып ашқанын заңдылық деп санайды. Дегенмен қонақтар шебер ұйымдастырылған тамаша комбинацияның арқасында таразы басын жылдам теңестіре білді. Екінші таймда ойын ашық сипат алды: қарсылас қорғаныста бос кеңістіктер қалдырып, қазақстандықтар мұны ұтымды пайдаланып отырды. Жасалған бірнеше аса қауіпті шабуыл екінші голмен аяқталуға тиіс еді, алайда шешуші сәтте Мрынскийдің соққысынан кейін словактарды қақпа маңдайшасы құтқарып қалды, ал финалдық ысқырыққа аз қалғанда жіберілген шешуші гол команданы лайықты ұпайдан қақты.
Сарапшы Астанада өтетін қарымта кездесу бұдан да тартысты әрі қызықты болатынына сенім білдірді. Еліміздің бас командасын күтіп тұрған келесі сын — өз алаңында 2 қазан күні Молдоваға қарсы өтетін матч болмақ.
