Q Football

«Манчестер Юнайтед» академиясының түлегі «Реалға» ауысуға шешім қабылдады

«Манчестер Юнайтед» академиясының түлегі «Реалға» ауысуға шешім қабылдады

«Манчестер Юнайтед» академиясының жас футболшысы Габриэл мансабын мадридтік «Реалда» жалғастыруға ниетті. Goal мәліметінше, ойыншы қыркүйек айында-ақ ағылшын клубының басшылығынан өзін жіберуді сұраған және содан бері командамен бірге жаттықпаған.

Клуб ауыстырғысы келетініне қарамастан, Габриэл ресми түрде биылғы маусымның соңына дейін «Юнайтед» академиясының ойыншысы болып қала береді. Оның өкілдері мадридтік клубта жас футболшының негізгі құрамға өту жолы анағұрлым айқын болады деп есептейді.

«Мен мұнда 2020 жылы үлкен армандары бар он жасар бала болып келдім. Осы жерде футболшы ретінде де, адам ретінде де өстім», — деп жазды Габриэл әлеуметтік желіде бапкерлерге, қызметкерлерге және бұрынғы командаластарына алғыс білдіріп.

Футболшы әзірге «Манчестер Юнайтедтің» негізгі командасы сапында бірде-бір ресми матч өткізген жоқ. Алайда өткен жазда ол италиялық «Миланға» қарсы жолдастық кездесуде алаңға шығуға мүмкіндік алған.