Қазақстандық шабуылшы Дастан Сатпаев «Челси» сапында кезекті матчын өткізді. Ол «Тоттенхэмге» қарсы ойынның 70-минутында, есеп 1:1 болып тұрған сәтте Эстевао Виллианның орнына алаңға шықты. Бұл уақытта «шпорлар» Кевин Дансоның алаңнан қуылғанына байланысты азшылықта ойнап жатқан еді.
Бұған дейін 17 жастағы футболшы лондондықтар сапында «Вестерн Сидней Уондерерске» қарсы бақылау кездесуінде өзінің алғашқы голын соғып үлгерген. Сатпаевтың «Челсимен» ресми келісімшарты 12 тамызда, ол 18 жасқа толғаннан кейін күшіне енеді.
Сатпаев «Челси» мен «Тоттенхэм» арасындағы тартысты дербиде мүмкіндік алды

17 жастағы шабуылшы шиеленісті ойынның екінші таймында гол авторы Эстеваоны алмастырды