Q Football

Дешамның орнын Зизу басады: Франция ұлттық құрамасы жаңа дәуір қарсаңында

Дешамның орнын Зизу басады: Франция ұлттық құрамасы жаңа дәуір қарсаңында
Real Madrid

​Француз футболындағы тарихи өзгеріс: Зиданның жаңа ұрпақпен жұмыс істеуге деген құлшынысы мен оның бай тәжірибесі ұлттық құрамаға тың серпін әкеледі деп күтілуде.

Франция құрамасының экс-тәлімгері әрі бұрынғы ойыншысы Лоран Блан жақында ұлттық команданың бас бапкері қызметіне тағайындалатын Зинедин Зиданға қатысты өз ойын ортаға салды. Ол Зиданның бұл қызметте қиналатыны туралы пікірлерді жоққа шығарып, қауесет таратқан скептиктерге нақты жауап қайтарды.

​Айта кетейік, Зидан Дидье Дешамды алмастырады деп күтілуде және оны ресми түрде таныстыру рәсімі 28 шілдеге жоспарланған. Бланның пікірінше, Зизу жаңа жұмысқа үлкен ықыласпен кіріседі. Оның басты себебі — қазіргі француз құрамасында өте дарынды буынның өсіп келе жатқаны. Зиданның басты мақсаты – осы футболшылардың бағын ашып, әлемдік аренада жарқырату.

​«Ол бапкер ретінде үш рет Чемпиондар лигасын жеңіп алды, ойыншы ретінде Әлем кубогын төбесіне көтерді. Бұл міндет оған ауыр тиеді деп ойлайсыздар ма? Ол неден қорқуы керек?» – деді Блан. Ол сондай-ақ Зиданның ұлттық құрамадағы жұмыстың қысымын жақсы түсінетінін, жеңіс кезінде мақтауға, ал жеңілісте қатаң сынға ұшырайтынын білетінін атап өтті. Лоран Блан өз сөзін Зиданның бұл қызметтен ләззат алатынына және бұл тағайындау ел футболына тек пайда әкелетініне сенімділікпен аяқтады.