TEAMtalk хабарлауынша, Максимді алғысы келетіндердің қатарында «Ливерпуль», «Арсенал», «Милан», «Рома», «Ювентус» және ПСЖ бар. Бірақ бірде-бірі «Брайтонмен» тікелей келіссөз жүргізбепті.
«Шағалалар» маусымның бел ортасында басты ойыншысынан айырылғысы келмейді. Ал жазда 50 миллион фунт стерлингке сатуға дайын екен.
«Брайтон» Де Кёйперді 2025 жылдың жазында «Брюггеден» 20 миллион еуроға сатып алған еді. 25 жастағы бельгиялық ойыншы осы маусымда 16 матчта төрт гол соғып, төрт нәтижелі пас берді. Оның келісімшарты 2030 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.
