Журналис қазіргі жағдайда отандық мамандардың ішінен ұлттық құраманы қабылдауға дайын әрі соны қалайтын үміткерді көрмейтінін айтты. Ол Байсуфиновтың кеткенін, Әлиевтің байқап көргенін еске салды. Сонымен бірге Жұмасқалиевтің өзін тәуекелге тіккісі келмейтінін, Бабаянға қатысты да ұқсас пікір барын жеткізді. Шетелдік бапкерлер тақырыбында журналист бұрынғы тәжірибелерді атап өтті: «Черчесовпен өтіп көрдік, Постекоглумен де күйіп кете жаздадық. Оның үстіне, Каннаваро да көз алдымызда. Купер де болған. Солтүстіктегі көршімізде - Капелло».
Осы тұста ол Әдиевті «сыналған нұсқа» деп сипаттап, бірнеше артықшылығын тізді: «Дерлік өзіміздікі. Ойыншылар оны құрметтейді. Қоғам да жақсы қабылдайды. Баспасөзбен қарым-қатынасы да керемет. Ол бұған дейін нәтиже берді, оның ішінде Ұлттар лигасында да. Түгел плюс». Дегенмен, журналист құрамның қатты өзгергенін, жастардың көбейгенін атап өтіп, мұны жаңа сынақ ретінде бағалады және «сондықтан да бұл талпынысты көру одан сайын қызық» деді.
Троицкийдің қосымша пікірінше, Әдиевтің ықтимал тағайындалуы ҚФФ-ның жаңа басшылығы үшін «популистік шешім» болуы мүмкін және ол мұны «ұтылмайтын нұсқа» деп атады.
Мағомед Әдиев Қазақстан құрамасын 2022 жылдың сәуірінен 2024 жылдың мамырына дейін басқарды. Оның тұсында ұлттық команда Түрікменстанмен жабық жолдастық кездесуді қоса есептегенде 21 матч өткізіп, 11 рет жеңіске жетті, бір мәрте тең ойнады және тоғыз рет жеңілді.
Қазақстанның ең ірі жетістігі 2022/2023 маусымындағы Ұлттар лигасында тіркелді: команда 13 ұпай жинап, Словакия, Әзербайжан және Беларусь бар топта бірінші орын алып, алғаш рет В дивизионына көтерілді. Сол кезеңде Словакияны екі мәрте жеңген матчтар ерекше есте қалды.
Еуро-2024 іріктеуінде Қазақстан рекордтық 18 ұпай жинап, 10 ойынның алтауында жеңіске жетті. Әдиевтің командасы Данияны 3:2 есебімен ұтып, Солтүстік Ирландияны екі рет жеңді, Финляндиядан басым түсті және Еуропа чемпионатына тікелей жолдама алу мүмкіндігін соңғы турға дейін сақтап қалды.
Ұлттар лигасындағы нәтижесінің арқасында Қазақстан Еуро-2024 плей-оффына да шықты, бірақ онда Грекиядан 0:5 есебімен жеңілді. Әдиев 2024 жылдың мамырында отбасылық жағдайына байланысты құрамадан кеткен еді.
