Q Football

«Ливерпуль» «ПСЖ» вингері Брэдли Барколаны сатып алуды көздеп отыр

«Ливерпуль» «ПСЖ» вингері Брэдли Барколаны сатып алуды көздеп отыр

Ағылшын клубы париждіктердің шабуылшы жартылай қорғаушысын өз қатарына қосып алып, келісімді осы трансферлік терезе жабылғанша аяқтауға ниетті, деп хабарлайды инсайдер Флориан Плеттенберг.

Мерсисайдтықтар 22 жастағы француздың қаржылық талаптарын келісіп қойған, сондықта жеке келісімшарт жасасуда ешқандай мәселе туындамайды. Негізгі қиындық — өтемақы сомасы бойынша «Пари Сен-Жермен» басшылығымен ортақ мәмілеге келу.

Клубтар арасындағы консультациялардың жаңа кезеңі дүйсенбіге жоспарланған. Жақын күндері «қызылдар» париждіктерге алғашқы ресми ұсынысын жіберуді көздеп отыр.

Футболисттің өзі де осы трансферлік кезеңде клубын ауыстыруға қарсы емес. Өз кезегінде «Ливерпуль» Франция құрамасының ойыншысын дедлайнға дейін өзіне өткізіп үлгеру үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға дайын.