Олардың арасында — екі қақпашы, сегіз қорғаушы, бес жартылай қорғаушы және екі шабуылшы бар.
Легионерлердің қақпашылар шебін қазақстандық «Қызылжардан» Дмитрий Челядник пен Қырғызстанның «Азия» клубында ойнайтын Андрей Кожухарь таныстырады.
Қорғанысқа Попеску бельгиялық «Андерлехттен» Олег Рябчукты, украиналық «Карпатыдан» Владислав Бабоглоны, румыниялық «Волунтариден» Даниэл Думбравануны, канадалық «Ванкувер Уайткэпстен» Михаил Герасименковты, Самарқандтың «Динамосынан» (Өзбекстан) Михаил Штефанды және шотландиялық «Данди Юнайтедтен» Юрий Йовуны шақырды.
Орталық шептегі легионерлер тізімінде — Вадим Рацэ («Арджеш», Румыния), Никита Моцпан (СКА-Хабаровск, Ресей), Виктор Стынэ («Кяпаз», Әзірбайжан), Кристиан Дрос («Влазния», Албания), Штефан Бодиштяну («Ботошани», Румыния), Сергей Перчун («Асколи», Италия) және Ники Клещенко («Килмарнок», Шотландия) бар.
Молдовалықтардың шетелде жүрген шабуыл шебін австралиялық «Брисбен Роардан» Вирджилиу Постолаки мен грузиялық «Динамо Батумиде» өнер көрсететін Дмитрий Мандриченко күшейтті.
Ұлттар лигасының Қазақстан — Молдова матчы 2 қазанда Астанада өтеді.
