65-минутта Қазақстан құрамасы сапында нәтижелі соққымен Ян Вороговский көзге түсті. Оның голының видеосын төменнен көруге болады.
Жаңалық жарияланған сәтте Қазақстан құрамасы Словакияны 2:1 есебімен ұтып жатыр (екінші тайм жүріп жатыр).
Бұған дейін алаң иелері сапында Ислам Чесноков та мергендік танытқан (29-минут), ал словактардан Роберт Боженик гол соқты (56-минут).
Бұл матчтың алдында Словакия 3-топта С дивизионында 11 ұпай жинап, өзіне бірінші орынды кепілдендіріп қойған еді. Қазақстан құрамасының бес ойыннан кейін еншісінде екі ұпай болды.
