Q Football

«Арсенал» Винисиус үшін 123 млн еуро ұсына алады

«Арсенал» Винисиус үшін 123 млн еуро ұсына алады

Ал мадридтік «Реал» ойыншыны 160 миллион еуроға бағалайды, деп хабарлайды The Article.

Лондондықтар трансфер болған жағдайда бразилиялыққа өз бейнесін пайдалануға 100% құқықты қалдыруға дайын, ал мадридтіктер келісімшартты ұзартқанда оған 80%-ын бекітуге келіседі.

Дереккөздің қосуынша, футболшының өзі келісімді ұзартқаны үшін берілетін бонусты көбейтуді көздейді. Егер «Арсенал» Винисиустың агенттігінің қолдауына ие болса, клуб «Реалға» 105 млн фунттан (123 млн еуро) артық ұсынуға дайын болады. Ал Мадридте 26 жастағы ойыншыны сатудан шамамен 137 млн фунт (160 млн еуро) түсіруді жоспарлап отыр.

Винисиус «Реал» сапында 2018 жылдың жазынан бері ойнап келеді. Осы уақыт ішінде ол барлық турнирде 375 матч өткізіп, 128 гол соғып, 100 нәтижелі пас берді. Оның «Реалмен» келісімшарты 2027 жылдың жазыңа дейін жарамды, ал Transfermarkt бағалауынша, бразилиялықтың нарықтық құны — 140 млн еуро.