Q Football

«Тобыл» тәжірибелі шабуылшымен келісімшартқа қол қойды

«Тобыл» тәжірибелі шабуылшымен келісімшартқа қол қойды
© Sport.kz

Қостанайлық команда беларусьтік форвард Виталий Лисаковичтің трансферін аяқтады.

27 жасар шабуылшы кәсіби мансабында «Локомотив», «Рубин», «Балтика», «Целе», «Рудеш» және «Торпедо-БелАЗ» клубтарында өнер көрсеткен.

Осы маусымда ол сегіз кездесуде жеті нәтижелі әрекетке қатысып, жоғары тиімділік көрсетті.

Беларусь құрамасының шабуылшысы клубтық деңгейде 257 матч өткізіп, 64 гол мен 35 нәтижелі пастың авторы атанса, ұлттық құрама сапында 28 ойында жеті гол соғып, төрт ассист жасады.

Жаңа шабуылшы енді Конференциялар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде өнер көрсететін «Тобылдың» намысын қорғайды.