Инсайдер Джанлука Ди Марционың хабарлауынша, туриндіктердің медициналық штабы негізгі құрамның бірден қос өкілінің ауыр жарақат алғанын растады. Мануэль Локателлиге оң тізесіндегі сыртқы менискінің зақымдануына байланысты Францияның Лион қаласында ота жасатуға тура келді. Хирургиялық емдеу сәтті аяқталғанымен, оңалту үдерісі кем дегенде 2027 жыл басталғанға дейін созылады.
Ал Жереми Боганың сол жақ санының екі басты бұлшықеті орташа деңгейде жыртылғаны анықталды. Футболшыны кезекті медициналық тексеруден өткізу он төрт күннен кейін жоспарланған, бірақ алдын ала болжам бойынша емделу шаралары бір жарым айдан екі айға дейін уақытты алады.
