Q Football

Алонсо Эстеванның «Челсидегі» ойын уақытының аздығына көңілі толмайтынын мойындады

Алонсо Эстеванның «Челсидегі» ойын уақытының аздығына көңілі толмайтынын мойындады
Getty Images

Лондондықтардың бас бапкері бразилиялық ойыншының әлі де өз мүмкіндіктеріне ие болатынын сендірді, ал «Ливерпульге» қарсы матчтағы ауыстыру санының шектеулі болуы оның шешіміне әсер етті.

Алонсо ойыншының көңіл күйін түсінетінін айтып, оның алдағы уақытта алаңға шығатын сәттері болатынына сендірді. «Оның жағдайын түсінемін, әрине, ол бұдан да бақыттырақ бола алар еді. Ол ойнағысы келеді. Әр футболшы алаңға шығып, команданың бір бөлігі болуды қалайды. Эстеванның әлі өз сәттері болады деп сенемін. Бұл - менің жауапкершілігім», - деді лондондықтардың бапкері.

Испаниялық маман «Ливерпульмен» ойында ауыстыру жоспарының өзгеруіне мәжбүр болғанын да түсіндірді. Оның айтуынша, бұған Моисес Кайседоның мәселесі және Мало Гюстоның бұлшықеті құрысып қалуы әсер еткен. «Соңында ауыстыру жасау мүмкіндігіміз әжептәуір шектеліп қалды», - деп қосты Алонсо.

Еске салайық, негізгі уақытта «Челси» мен «Ливерпуль» 1:1 есебімен тең түсті, алайда пенальти сериясында лондондықтар жеңіліп, Англия лигасы кубогындағы жарысты аяқтады. Эстеван жанкүйерлер бразилиялықты алаңға шығаруды сұрағанына қарамастан, матч бойы қосалқы орындықта отырды.