Q Football

Роберто Де Дзерби АПЛ-да қазан айының үздік бапкері атанды

Роберто Де Дзерби АПЛ-да қазан айының үздік бапкері атанды
©️tottenhamhotspur.com

«Челси» мен «Кристал Пэласты» тізе бүктірген төрт матчтық жеңіліссіз серия лондондықтарға турнир кестесінде 11-орынға көтерілуге мүмкіндік берді

Өткен айда лондондық клуб чемпионатта бірде-бір рет жеңілмей төрт кездесу өткізіп, «Ковентри» (3:1), «Челси» (2:0) және «Кристал Пэласты» (2:0) айқын басымдықпен ұтты, сондай-ақ «Манчестер Юнайтедтен» (1:1) ұпай тартып алды.

Сәтті өткен бұл кезең «шпорларға» АПЛ турнир кестесінің 11-сатысына тұрақтауға мүмкіндік берді. Еске сала кетейік, италиялық бапкер команда тізгінін өткен маусымның соңында ғана қолға алып, тек шешуші турларда нағыз ғажайып жасап, лондондықтардың элиталық дивизиондағы орнын сақтап қалған болатын.