Q Football

Манчини Манчестер Сити ісі туралы: Бұл мені қатыстыратын мәселе емес

Манчини Манчестер Сити ісі туралы: Бұл мені қатыстыратын мәселе емес
Getty Images

Италия құрамасының бапкері өзі төрт жыл бойы жетекшілік еткен клубқа қатысты АПЛ-дің тәуелсіз комиссиясының шешіміне пікір білдіруден бас тартты

Италия құрамасының бас бапкері бұл істі өзіне қатысы жоқ мәселе ретінде қабылдайтынын айтты.

«Бұл мені алаңдататын нәрсе емес. Өкінішке қарай, бұл - «Манчестер Сити» мәселесі. Бұл менің қатысым бар мәселе емес», - деді Манчини.

Италиялық маман «Манчестер Ситиді» 2009 жылдан 2013 жылға дейін басқарған. Тәуелсіз комиссия қараған ықтимал бұзушылықтар 2009 бен 2018 жылдар аралығын қамтиды.

Әзірге «Манчестер Сити» бұл іс бойынша шығарылған шешімге сай түпкілікті жазасын алған жоқ. Бұған дейін клуб қаржылық заңбұзушылық ісіне байланысты заңгерлердің көмегіне жүгінген еді.