Q Football

Рафинья Бразилия құрамасында қанша ойнайтынын өзі шешеді

Рафинья Бразилия құрамасында қанша ойнайтынын өзі шешеді

«Барселона» шабуылшысы алдағы екі жолдастық кездесуде алаңға қанша минутқа шығатынын өзі таңдайды

The Touchline хабарлауынша, бас бапкер Карло Анчелотти оған толықтай еркіндік берді.

«Селесао» алдымен 14 қараша күні Жапониямен күш сынасады. Содан кейін 17 қарашада Сингапурмен шеберлік байқасады.

Рафинья 2022 жылдан бері «Барселона» намысын қорғап келеді. 29 жастағы ойыншы осы маусымда 14 матчта 19 гол соғып, үш нәтижелі пас берді. Оның Каталония клубымен келісімшарты 2030 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.