Q Football

Облак: «Барселона» қателікті кешірмейді

Облак: «Барселона» қателікті кешірмейді

«Атлетико» қақпашысы 12-турдағы «Барселонаға» қарсы ойынды (1:2) қорытындылады

«Гол соғатын мүмкіндіктерді пайдалана алмадық. Ауаға кетті. «Барселона» сияқты командалар мұндай қателіктерді кешірмейді. Содан кейін олар екінші голын соғып, жағдай одан сайын қиындай түсті.

Бірінші таймда жақсы ойнадық, бірақ үзіліске дейін есепте алға шығу қолымыздан келмеді»,– 33 жастағы словениялық голкипер.

Осы ойыннан кейін «Барселона» 33 ұпай жинап, турнир кестесінде көш бастады. Ал «Атлетико» 28 ұпаймен үшінші сатыда қалды.