Каталондық клуб қысқы трансферлік кезеңде қорғаныстың орталық шебін күшейту мүмкіндігін қарастырып жатыр. Sky Germany журналисі Флориан Плеттенбергтің мәліметінше, «Барселона» «Баварияның» 29 жастағы футболшысына қатысты алғашқы сұрау жіберген.
Көк-анар түстілердің спорт директоры Деку жас Пау Кубарсимен жұп құра алатын тәжірибелі орталық қорғаушы іздеп жүр. Дереккөздің хабарлауынша, Тау бұл талаптарға сай келеді.
Футболшының агенті Пини Захавидің де трансферге ықпал етуі мүмкін екені айтылады. Оның «Барселона» президенті Жоан Лапортамен қарым-қатынасы жақсы.
Алайда неміс қорғаушысының өзі «Бавариядан» кетуді жоспарлап отырған жоқ. Ол болашағын ұзақ мерзімге мюнхендік клубпен байланыстыру мүмкіндігін қарастырып жүр.
