Николо Скираның хабарлауынша, қос тарап келісімшартты 2029 жылдың 30 маусымына дейін ұзартуға жақын. Нәтижесінде Де Россидің жалақысы біршама артады екен.
43 жастағы маман «россоблуды» 2025 жылдың қараша айында тізгіндеген еді. 11 турдан кейін 13 ұпай жинаған команда Италия А Сериясында 13-орында тұр.
