Q Football

Ламин Ямаль кезекті рекордтың иесі атанды

Ламин Ямаль кезекті рекордтың иесі атанды

«Барселона» шабуылшысы 12-турдағы «Атлетикоға» (2:1) қарсы ойында Фермин Лопеске нәтижелі пас берді

Осылайша ол Ла Лигадағы 40-ассистін жасап, бұл межені бағындырған ең жас ойыншы атанды. Ямаль 19 жас 118 күнінде Роберто Лопес Уфарте (22 жас 15 күн) орнатып кеткен рекордты жаңартты.

Испания құрамасының вингері осы маусымда 16 матчта 13 гол соғып, 12 нәтижелі пас берді. Оның «блаугранамен» келісімшарты 2031 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.