Жас футболшының қазіргі нәтижелі ойыны Еуропаның басқа клубтарының да назарын аудартты, сондықтан оның трансферіне қатысты келіссөздер оңайға соқпауы ықтимал.
Бұл жағдайға «Реал» клубының да ұстанымы әсер етуі мүмкін. Мадридтік клуб Нико Пасты 80 миллион еуроға кері сатып алу құқығын өзінде қалдырған. Сол себепті ойыншының келешегі тек «Манчестер Юнайтедтің» қызығушылығына ғана емес, «Реалдың» жоспарларына да байланысты.
Нико Пас осы маусымда барлық турнирде 12 матч өткізіп, бес гол соғып, алты нәтижелі пас берді.
