Q Football

«Рома» еурокубок тарихында болмаған көрсеткіш тіркеді

«Рома» еурокубок тарихында болмаған көрсеткіш тіркеді

Римнің клубы Чемпиондар лигасының төртінші турында сырт алаңда «Манчестер Юнайтедке» 2:3 есебімен есе жіберді

Матч басында Матиас Суле мен Дониелл Мален мергендік танытып, «Ромаға» басымдық сыйлаған еді. Бірақ Фернандеш 58-минутта пенальтиден гол соғып, Матеус Кунья 83 және 86-минутта дубль жасады.

Осылайша «джаллоросси» еурокубок тарихында «Олд-Траффордта» МЮ қақпасына бастапқы 17 минутта екі гол соққан алғашқы команда атанды. Бұрын-соңды мұндай көрсеткішті ешбір клуб тіркей алмаған.

Төрт ойыннан кейін төрт ұпай жинаған «Рома» турнир кестесінде 19-орынға жайғасқан. Джан Пьеро Гасперинидің шәкірттері келесі турда 25 қараша күні ПСЖ-ға қонаққа барады.