Q Football

«Челси» академиясының басты талантын ұрлап кеткені үшін «Ливерпульден» өш алды

«Челси» академиясының басты талантын ұрлап кеткені үшін «Ливерпульден» өш алды
©️Sebastian Frej/Getty Images

Лондондық клуб Рио Нгумоаның кетіп қалуына байланысты мерсисайдтық селекционерлердің жасөспірімдер матчтарына берілген барлық аккредитациясын жойды

Лондондық «Челси» басшылығы «Ливерпуль» скауттарының клуб академиясының барлық жас санатындағы ойындарына кіруіне тыйым салды, деп хабарлайды The Telegraph. Елордалық клуб 18 жастағы вингер Рио Нгумоаның қарсыластар сапына өтуін әдепсіз жолмен тартып алу деп бағалап, қарымта соққы ретінде «қызылдардың» өкілдеріне жастар біріншіліктеріне кіруді бұғаттап тастады.

Айта кетерлігі, «көктердің» тәрбиеленушісі қазірдің өзінде ересектер деңгейінде жарқын ойын көрсетіп, сәтті алдап өтулер саны бойынша Чемпиондар лигасының ағымдағы маусымында көш бастап тұр.