Карлоға қатысты жағдайда итальяндықтарды оның жоспарлары мен келісімшартты бұзғаны үшін төленетін ықтимал өтемақы сомасы қызықтырған. 67 жастағы маман отандастарына білдірген қызығушылығы үшін алғыс айтып, бірақ Бразилия құрамасындағы жұмысын ары қарай жалғастыру ниегінде екенін мәлімдеді.
Еске сала кетейік, Анчелотти «селесаоны» 2025 жылдың мамыр айында қабылдап, мундиаль алдында келісімшартын ӘӘ-2020 аяқталғанға дейін ұзартқан еді. Өткен ӘӘ-2026 турнирінде бразилиялықтар Норвегияға жол беріп (1:2), 1/8 финал кезеңінде-ақ жарыстан шығып қалды — бұл бескелді дүниежүзі чемпиондары үшін соңғы 36 жылдағы ең нашар нәтиже.
Өз кезегінде Италия құрамасы терең дағдарысты бастан кешіруде: «скуадра адзурра» осымен қатардан үшiншi әлем чемпионатын өткізіп алып отыр.
