Q Football

«Манчестер Юнайтед» Мурильоға көз тікті

«Манчестер Юнайтед» Мурильоға көз тікті

«Ноттингем Форрест» қорғаушысы клуб ауыстыруы мүмкін

Football Insider хабарлауынша, манкуниандықтар оны біраздан бері бақылап жүр. «Қызыл сойқандар» Мурильоны жазғы трансфер кезеңінде қатарға қосуды көздейді. Ал «Ноттингем Форрест» негізгі ойыншысынан айырылғысы келмейді, бірақ қомақты ұсыныс түсіп жатса ойланады екен.

24 жастағы бразилиялық футболшы осы маусымда 11 матчқа қатысып, бір нәтижелі пас берді. Оның «орманшылармен» келісімшарты 2030 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.