Анчелоттидің айтуынша, Неймардың мінез-құлқы мен командаға деген көзқарасына ешқандай сын жоқ.
– Менің ойымша, ол турнирге жақсырақ дайындала алатын еді. Сонда алғашқы матчтан-ақ толық бабында болар еді. Мені мазалағаны – осы ғана. Ал қалғанының бәрі жоғары деңгейде болды. Ол кәсібилік танытып, командаға көмектесті және әр жаттығуда барынша еңбек етті, – деді италиялық маман.
Карло Анчелотти Неймарға неге ашуланғанын айтты

Бразилиялық шабуылшы топтық кезеңдегі Шотландиямен матчта (3:0) ойынның соңында ғана алаңға шықты. Ал Норвегияға қарсы 1/8 финалдық кездесуде (1:2) 67-минутта қосалқы құрамнан ойынға кірген еді.